Bugin

Қатемді түсіндім: Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам бейне-үндеу жолдады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден алынған

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат кешірім сұрап, бейне-үндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Медицина қызметкеріне қол көтерген Нұрболат Дәкебаев қазір қамауға алынды. Сақалын алып тастаған Дәкебаев видеосын таратып, үлкен қателік жібергенін мойындады.

"Барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Беріліп жатқан себебім - істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр өзіме. Бәрін уайымдатып жатырмын. Анамнан және ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиянымды тигізу ойым болған жоқ. Ондай ой болмайды да. Қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан да кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін мені  кешіріңіздер!", - делінген видеода.

Ашуға булығып, жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген айыптыға 27 қаңтардан бері іздеу салынып, қазір қамауға алынды.

Бұл қылмыс үшін Дәкебаев үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.