Bugin

"Айықпас дерт жұқтырып алған": 9 жасар бала қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 9 жастағы бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер, балаға ата-анасы қажетті дәрі-дәрмекті бермеген, соның салдарынан қайтыс болды деп отыр. Шамамен бір ай бұрын баланың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Бірақ жағдайы жақсармаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ата-анасына 2016 жылы ВИЧ диаогнозы қойылған. Сол кезде-ақ нәрестені анасы енесінің қатаң нұсқауымен емізген, - дейді мамандар.

Қазақ дермотология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі  Сайрангүл Қасымбекова:

"Оның ата-анасының диагнозы 2016 жылдап бастап бізде тіркелді. Осы баланың да біз диагнозын 2016 жылы қойдық. Бала мен ата-анасы біздің орталықта есепте тұрды. Бірақ ата-анасы да әжесі де осы диагнозды қабылдаған жоқ. Осы диагноз оларда жоқ деп айтып, бізде ем алған жоқ. динамикалық бақылауға ем алмаған бала",-деп мәлімдеді.