Bugin

"Ұзын, қара шашты": Полиция кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік қызды іздестіріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақтөбе облысы ДП

Облыстық Полиция департаменті  кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызына іздеу салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2007 жылғы қыз 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған. 

"Белгілері: бойы шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ", - делінген хабрламада

Жоғалған қызды көргендер болса, 102 немесе 8776-546-66-66 телефондарына хабарласуы сұралады.