Bugin

iPhone жер сілкінісі туралы неге ескерту жасамағаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев Apple қолданушылары Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары сезген жер сілкінісі туралы неге хабарлама алмағанын түсіндірді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында айтқан. Адылбек Қасымалиевтің айтуынша, Apple Қазақстан мен Қырғызстанды апаттар туралы ескертулер қолжетімді елдердің тізімге қоспаған.

"Бір қызығы, Android смартфондарына жер сілкінісі туралы хабарлама жер сілкінісінен бір минут бұрын келген. Қайғылы жағдай басқа елдердегідей қайталанбағанына Құдайға шүкір. Хабарландыру iPhone-ға неге келмеді? Біз анықтап көрдік. Apple компаниясы біздің елдерді апат туралы ескерту қызметі қолжетімді елдер тізіміне қоспағаны белгілі болды. Қарапайым функция болып көрінгенімен, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін", - деді Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, ол Google, Apple және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін атап өтті.

"Технологиялық компаниялар ортақ игіліктер үшін жұмыс істейтін мемлекеттер  серіктес болуы керек", - деп есептейді ол.