Bugin

"Есепсіз кеткен бала көп": Жанар Байсеміз жетім балалар туралы тағы бір шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Жанар Байсеміз сұхбаттарының бірінде шетелге кеткен балалардың санын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол шетелге кеткен балалардың саны мен қай мемлекетке кеткенінің графикасын дайындаған. Тіпті "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында оны көрсеткен. Журналист шетелдерге балалардың есепсіз кеткеніне ашынады.

"Әлемнің 30 еліне тарап кеткен қазақтың жетім балалары. Бірақ ол сандарға да сенуге болмайды. Себебі есепсіз кеткен. Бұл кәдімгі бизнес болған. Фейзбукка балалардың сатылғаны туралы жазған едім. Оны алып тастадым. Себебі шетелдегі балалар бәрін қазақшадан аударып көріп отыр ғой. Олардың жүрегіне тиеді. Ата-аналары да сондай өтініш айтты", - дейді Жанар Байсеміз.