Weekend

Адамның шынайы дұшпаны

Ол - сізді жамандыққа итермелейді. Ол - сізді абройыңыздан айырады. Ол - Алланың ашуына душар етеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көбіне уағыз-насихаттарда шайтан жайлы жиі айтылатындықтан біз негізгі дұшпанымызды көлеңкеде қалдырып келгенбіз. Ол туралы Құран аяттарында аз айтылмаса да оған аса мән бермей келдік. Аллаһ Тағала "Қаф" сүресінің 16-аятында: "Расында адамзатты жараттық. Оған нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз...", – деген. Аяттың мына бір жеріне мән беріп, қайта оқып көріңізші: "Оған нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз". Иә, дұрыс байқадыңыз.

Біз нәпсімізді шынайы шынайы дұшпан ретінде есептемей келдік. Сондықтан болар қоғамда: "Намаз оқып жүріп күнәға қалай барады?", "Молда да осындай істеді ме екен?", "Алла жолында жүріп те бұлай істеуге бола ма?" деген сияқты сауалдар туындайды. Мұның себебі біз шынайы дұшпанымызды танымаймыз. Нәпсіні тану үшін Құрандағы нәпсі жайлы аяттарды оқысаңыз, көп нәрсе айқындалады. Мысал ретінде баршаға таныс Адам атаның ұлдары Қабіл мен Әбіл жайлы оқиға баяндалған "Мәйда" сүресінің 30-аятына тоқталайық: "Сонда оның нәпсісі туысын өлтіруге қызықтырды да ол оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды" делінген. Туған бауырын өлтіруге итермелеген нәпсі адамды жолдан тайдыруда оның кім болғанына қарасын ба? 

Сондай-ақ, Алла "Жүсіп" сүресінің 53-аятында: "Расында нәпсі жамандыққа бұйырады", – деген. Яғни шайтан адам баласын азғырып, күнәға итермелейтіні секілді нәпсі де адамды жамандыққа бұйырады. Бірақ Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай шайтандар шынжырланып, олардың әрекеті әлсірейді. Ал нәпсі болса, жамандыққа итермелеуін жалғастыра береді. Себебі әр адам өз нәпсісімен өзі күреседі.

Сондықтан біз тек шайтанның азғыруынан ғана емес, нәпсіміздің жамандығынан да Аллаһқа сиынып пана сұрауды ұмытпағанымыз жөн. Ажалды қарға секілді бүркітпен ойнамай, шынайы мұсылман ретінде нәпсімізді тәрбиелеуге күш салайық!