Bugin
Фото: pexels.com
Астана соты лаңкестер туралы жалған хабар берген шетелдікке 750 АЕК немесе 2 миллион 587 мың 700 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылдың күзінде Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері 36 жастағы шетелдікті Астана-Санкт-Петербург рейсінде лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ұстады.
"Жоғарыда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Ол мұндай асығыс қадамға отбасындағы жанжалдан кейін барғанын, әйелі Санкт-Петербургке ұшып кетуді ұйғарғанын түсіндірді", - деді басқарма басшысы Бақытжан Малыбаев.