Bugin
Фото: Видео скрині
Талғарда такси жүргізушісіне орынсыз сөз айтқан ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы облысының полицейлері такси жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп, мінез көрсетіп, көлігін теуіп кеткен ер адамды іздеп жатыр. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Алайда, желі қолданушылары "Аллаһу акбар, аударылып қал!" деген ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған болатын.
Бірақ мүфтият бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның "имам" екені талқылануда. Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз",—делінген хабарламада.