Bugin
Фото: Видео скрині
Еліміздегі танымал әншінің болжамды баласы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасына Бейбіт Қорған ДНҚ сараптамасын тапсыру үшін сотқа барғанын айтты.
"Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсең, шошисың. Ауыр жағдайдағы баласы туралы айтады ма десек, артына қайрылмай кетті. Бізден қашса да, Атырауда сот тәртібімен қан тапсырды", - деді журналист.
Дина Төлепберген Бейбіт Қорғанды ашық сұқбатқа шақырды.
"Бізден қашқақтап, қорғанудың қажеті жоқ. Менімен ашық сұқбатқа кел. Ақиқатыңды айт. Бізге басқалардың емес, баланың болашағы маңызды", - деді ол.