Bugin
Фото: Видео скрині
Журналист Жанар Байсеміз сұқбаттарының бірінде шетелге кеткен балаларды ешкім тексермегенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол шетелге кеткен балалардың статистикасы дұрыс еместігін жеткізді. Арнайы жүйе қалыптаспағанына ашынды.
"Ресми статистика бойынша шетелге бала беру 1999 жылдан басталған. Бірақ Еуропаға барған кезімде 90 жылдардың басында кеткен қызбен кездестім. Ол еш жерде тізімде жоқ. Оны сосын ешкім қадағалаған да жоқ. Жүйесіз кеткен, былайша айтқанда. Егер Қазақстанда жетім бала болмаса, балалардың бәрін асырап алатын болса, біз шетелге бала бермейміз. Гаага конвенциясына Қазақстан қосылған. Егер бізде жетім балалар болса, оны елдің азаматтары асырап алатын болса, біз оларға айта аламыз, "бізде жетім бала жоқ, шетелге бала бермейміз" деп", - дейді Жанар Байсеміз.