Bugin
Фото: ашық дереккөз
Қазан айының басында ер адам әйелінің құлағы мен мұрынын кесіп тастаған еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанда болған. Қордаймен шекаралас Селекция ауылында бұрынғы күйеуі әйелін аяусыз соққыға жыққан.
Көршілері полиция шақырып үлгерген. Ер адам әйелді бөлшектеуден тайынбаған. Бұл жағдайдың бәрін үйдегі екі баласы да көрген.
Ер адамға сот шешімі шықты. Азамат А. Естемесов 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам сот шешіміне келіспей, дау шығарған. Сонымен қатар өзін психикалық ауруы бар адам сияқты ұстап, ерсі әрекеттерге барған.