Саясат

Қазақстанның келесі Президенті кім?

Үндеуде не айтылды?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл елімізде 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқына үндеу жолдағын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Осыған қатысты жарлыққа қол қойған Президент алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетінін сеніммен айтты.

Бұйыртса тұп-тура екі айдан соң кезектен тыс Президент сайлауы, яғни 9 маусым күні сізбен біз болып, мерзімінен бұрын елдің келесі Президентін сайлаймыз. Өзінің жолдауында бұл шешімді Елбасының өзімен ақылдасып, Парламенттің партия жетекшілерімен кездескенін, Конституциялық Кеңес Төрағаларымен ақылдасып,кеғескенін жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сайлаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар әлемдегі ахуалдың бұлыңғыр екенін,елдің қауіпсіздігіне қатер алып келетінін атап айтты. Сондай ақ Президенттің өзі сайлаудың әділ өтетіне кепілдік беретінін,халыққа бір кісідей ат салысуға, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бұған дейінгі сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтіп, кезектісі 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған болатын. Алайда мерзімінен бұрын сайлау өткізудің қажеттілігінің туындап отырғанын Тоқаев атап айтты.