Bugin

Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com 

Сейсмологтар Алматыдан бірнеше шақырым жерде тағы да жер сілкінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 19:44-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. MPV магнитудасы - 5.3",  - делінген хабарламада.