Bugin

"Өмірім қатты өзгеріп кетті": Жәнібек тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Белгиялықтар асырап алған Жәнібек қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол әлеуметтік желісіне жазба жариялады. Өзінің Қазақстандағы күндерін еске алды. 

"Құрметті бауырлар, әпкелер, әкелер мен аналар. Бірнеше апта бұрын сіздермен қауышып, менің өмірім қатты өзгеріп кетті. Әрине, жақсы жағына өзгерді. Мен туған анамды іздеу барысында физикалық және психикалық тұрғыдан көп күш жұмсадым және әлі де жұмсаймын. Сондықтан мен Қазақстаннан тікелей үйге бармай, алдымен миымды тазартып, ойымды жинақтау үшін Тайландқа саяхаттаймын деп шештім", - деп жазды ол.