Bugin

Фернан Магеллан – жер шарын айналып шыққан алғашқы адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Фернан Магеллан — Португалияның теңіз саяхатшысы. Ол Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Магеллан сапарға аттанар алдында, жер шарын жүзіп өтуді жоспарламаған. Оның басты мақсаты: Малукка аралына өтетін жолды табу болатын. Осы саяхаттау кезінде, жаңа сауда жолдары ашылып, планетамыздың шынайы өлшемдері анықталды. 

Оның шын есімі – Фернан де Магальяйнш. Ұзақ уақыт бойы сарбаз болып, Африкадағы соғыстарға қатысқан.

Кейінірек әскери қызметтен кетіп, өмірін әлемді зерттеуге арнады. 1514 жылы Мароккода болған шайқас кезінде аяғынан ауыр жарақат алып, өмір бойына ақсаңдап қалды.

Фернан Магелланға Португалия королі теңізге шығуға тыйым салды. Сол себептен Фернан Португалияның азаматтығынан бас тартып, Испанияға көшіп кетеді.

Әйгілі экспедицияға 2 жылға жететін азық-түлікпен, 300 экипажы бар 5 кеме аттанды. Бұл сапардан, 18 адам ғана қайта оралды. Қалғандары жолда көз жұмды.  Экспедиция Отанына ұлы саяхатшысыз қайтты. Ол Филиппин аралының жергілікті көсемі Лапу-Лапудың қолынан қаза болды.