Bugin

Қаза тапқандар бар: Полиция тікұшағы апатқа ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Анадолы басылымы Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полицейлер мінген тікұшақтың апатқа ұшырағанын растағанын жазды.

“EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан”, - деп мәлімдеген ведомство басшысы.

Полиция бас басқармасының әуе флотының тікұшақ апатынан 2 полицей қаза тапқан. Ал жараланған полицей ауруханаға жеткізілген.