Bugin

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Республикалық маңызы бар автожолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, 4 ақпанда сағат 15:30 шамасында Атырау маңында жол апаты болған.

Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар автожолының 873 шақырымында Volvo маркалы автокөлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 59 жастағы жүргізуші мен 58 жастағы жолаушы көз жұмды.

"1958 жылы туған Volvo маркалы автокөлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Mitsubishi Outlander көлігі өртеніп, 1964 жылы туған жүргізуші және 1965 жылы туған жолаушы сол жерде қайтыс болды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар жиналып жатыр", - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.