Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сурет: pavlodarnews.kz
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына құлаған автобусты іздеу жұмыстары қауіпті жағдайда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, комиссия алдағы уақытта құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін анықтайды.
"Шұңқыр түбіндегі георадарлық профильдерді сканерлеу нәтижесі бойынша, топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Нысандардың жанында да, астында да қуыстар мен бос орындар бар. Опырылу және топырақтың сырғу қаупі өте жоғары", - деп түсіндірді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шұңқыр түбіндегі экскаватор мен мамандар 4 ақпанда бұрынғы режимде жұмыс істеді. Бірақ әлі де опырылып кетуі мүмкін.
"Қазіргі уақытта опырудың барлық периметрін зерттеу үшін комиссия құрылып жатыр. Комиссия одан әрі жұмыс жүргізуге рұқсат ету-етпеуді анықтау үшін тау-кен массасын зерттейді", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осыған дейін құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарланған еді. Апат болған жерде опырылған аймақтың периметрі бойынша жер жырығы пайда болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61