Bugin

Ақ көйлек киген 63 жастағы алматылық қалыңдық көпшілікті тамсандырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Танымал блогер Бота Әбдіраманова әлеуметтік желіде ата-анасының қуанышын көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Блогердің айтуынша, анасы той көйлегін кимеген. Бота Әбдіраманова ата-анасына той көйлегі мен классикалық костюм кигізді.

"63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты?" – деп жазды блогер.

TikTok желісінде видео миллионнан астам қаралым жинап, бойжеткеннің әрекеті оқырман тарапынан жоғары бағаланды.

"Сондай сүйкімді жұп. Анасының энергиясы керемет екен. Әкесі қайта ғашық болып қалған сияқты", "Ата-анаңыз өте әдемі екен", "Ата-анаңызды осылай қуантқан сізге рахмет", - деп жазды оқырмандар.