Bugin

Олимпиада комитетін Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкин басқаратыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: YEDILOV ONLINE телеграм арнасынан алынды

Ұлттық Олимпиада комитетіне басшылық қызметке Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкин келеді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы YEDILOV ONLINE телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаттанушы, сарапшы Ербол Еділов телеграм арнасында айтты.

"Кейбір деректерге сүйенсек, Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады деп айтылды", - дейді Еділов өзінің жазбасында.