Bugin

Қарағанды облысында әкім 15 тәулікке қамалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos

Қарағанды ​​облысында ауыл әкімі 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафина атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Әкімді қамауға алу және оны құқығынан айыру туралы қаулы Бұқар жырау аудандық №2 сотының қаулысымен шығарылды. Сот  мәліметі бойынша, ауыл әкімі қызметтік көлік тізгіндеп келе жатып, 2024 жылдың 3 ақпаны түнде Қушоқы ауылында ұсталған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ұсталған азамат орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталған. Сотта ол өз кінәсін мойындады.

"Сот К.-ны заңның 608-бабының 1-бөлігі "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану туралы шешім қабылдады. 15 тәулікке қамауға алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру тағайындалды", - делінген сот қаулысында.