Bugin
Фото: depositphotos.com
Қытай соты австралиялық жазушы Ян Хэнцзюнды екі жыл мерзімнен соң өлім жазасын тағайындауға үкім шығарды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бес жыл бұрын Қытайда демократияны жақтайтын блогер тұтқындалып, үш жыл бұрын тыңшылық жасады деген айыппен сотталған.
Австралияның сыртқы істер министрі сот үкіміне таң қалғанын айтты. Қытайдың Австралиядағы елшісі Австралия Сыртқы істер министрлігіне түсініктеме алу үшін шақырылды.
Ян Хэнцзюн Қытайда дүниеге келген және Австралия азаматтығына ие. 2019 жылы қамауға алынғанға дейін ол Нью-Йоркте жұмыс істеген. Ол Гуанчжоу әуежайында ұсталып, тыңшылық жасады деген айып тағылды. Қытай билігі істің егжей-тегжейлерін жарияламады, ал айыптау мәліметтері белгісіз.
Жазушы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның отбасы қамауға алынғаннан бері денсаулығының нашарлағанын айтып, Қытай билігін азаптап жатыр деп айыптап отыр.
Академик, блогер және жазушы Ян Хэнцзюн Қытай билігін адам құқықтарын бұзды деп сынады. Оның бірнеше тыңшылық романдары бар.
Австралияның Қытайдағы елшісі бұған дейін Қытайды жазушыны негізсіз қамауға алды деп айыптап, оның жақтастары мұны "саяси астарлы қудалау" деп атаған. Сиднейде тұратын оның досы академик Фэн Чонги:
"Қытай үкіметі оны Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуын сынағаны және адам құқығы, демократия және заң үстемдігі сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қорғағаны үшін жазалап отыр", - деді Би-би-сиге.