Bugin
Фото: видеодан скриншот
Ірі кәсіпкер бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеосын таратқаны үшін ұсталды деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі egovpress телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қамауға алынған кәсіпкердің бұйрығымен әйел адамға есігінің алдында белгісіз ер адам екі рет атқан. Бұл оқиға видеоға түсіп қалған.
"Алматылық жол полициясының қызметкерлері қылмыскерлердің барлығын дер кезінде ұстады. Ұсталған адамдардың ықпалды байланыстары бар және олар жауапкершіліктен құтылуы мүмкін. Қазіргі уақытта әйел өз өмірі үшін алаңдап отыр. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен Ішкі істер министрінен істі жеке бақылауға алуын сұраймыз",-делінген телеграм арнадағы хабарламада.
Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.