Bugin

Тоқаев қай дінді ұстанатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құдайға сенетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы ол ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың "Президент 2.0" деректі фильмінде айтты.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз. 

"Мен, әрине, атеист емеспін. Мен Аллаға сенемін, Алла Тағаланың бар екеніне сенемін. Негізінен мен мұсылманмын. Бірақ мен бес уақыт намаз оқымаймын. Мереке күндері мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев.