Bugin

"Әйелдің тілі ұзын": Депутат тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелді кінәлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Әнас Баққожаев тұрмыстағы жанжалға әйелдер кінәлі деп, соларға айып тақты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қолдайтынын айтты.

"Ұсынып отырған заң жобасын қолдаймын. Әйелге қол көтеру - ең байғұс еркектің ісі. Дегенмен де ұрыстардың бәрі мына ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де кішкене түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды, сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйел адамдар кешірсін мені. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақтың сөзі бар. "Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс" дейді. Болмаса "елге жаққан әйел ерге де жағады" дейді міне. Біз кішкене қазақылықтан, қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз, өкінішке қарай", - деді ол .