Bugin
Фото: Видео скрині
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті жазаға тартылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған еді. Аула жолымен өте алмай қалған ер адам жүргізушіні соққыға жыққан.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха күдіктінің жазаға тартыланы туралы айтты.
"Аталған оқиға бойынша іс қозғалды. Осы бап арқылы ол әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, яғни бас бостандығынан айырылуы ықтимал", — деді Игорь Лепеха.