Bugin

Балалар мінген шағын автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден алынған

Ақмола облысында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Көкшетау-Атбасар тас жолында, Максимовка ауылының маңында болған.

Оқушылар мінген шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі қар тазалау техникасын базып озбақ болған. Алайда ол рөлге ие бола алмаған. Солайша тас жолда кетіп бара жатқан жеңіл көлікке соғылды. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Жол апатының куәсі болған 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала.

Дәрігерлер балалардың жағдайы бірқалыпты екенін айтады. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр.

“Жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Атбасар" тас жолында, Максимовка елді мекенінің маңында болды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – деді облыстық полиция департаментінің өкілі Әлия Билялова. 

Балалар Көкшетау қаласында өткен жайдарман ойындарынан қайтып келе жатқан.