Bugin
Фото: dzen.ru
Марқұмды өз пәтерінде пышақтап, өлтіріп кеткендерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.
Бұрынғы «Арселор МитталТеміртау» компниясының заңгерін өлтіріп кеткен. Оның денесі өртенген пәтерінен табылған еді. Қарағандыда болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары нәтижесінде күдікке ерлі-зайыптылар ілінген.
Оларға қатысты сот отырысы басталды. Күдіктілер Ирина Эмді өз пәтерінде пышақтап, қылмысты жасыру мақсатында баспанаға өрт қойып кеткен. Ерлі-зайыптылар марқұмның көршісі әрі бірнеше рет бөтелкелес болғаны айтылды.
Тергеу мәліметінше көршісі марқұмнан қарызға ақша сұраған. Көңілдесінің көршісіне бас сұққанын көре алмаған Ольга марқұмға бірінші болып пышақ сұғып алған. Кейін Сергей Жданов марқұмға 8 рет пышақ салған. Демі үзілген әйелді диванға жатқызып, пәтерге өрт қойған.
Одан бөлек пәтерден 400 мың теңгеге жуық қаражат та жоғалған. Кінәні мойындамаған ерлі-зайыптылар 20 жылға сотталуы мүмкін.