Bugin

29 оқушы мен 10 мұғалім: Мектепте уланғандардың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik | Кирилл Шипицин

Түркістан облысында уланған балалар мен мұғалімдерге қатысты істі облыстық білім басқармасы назарға алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сарыағаш ауданында аптаның алғашқы күнінде оқушылар мен мұғалімдер мектепте өздерін жайсыз сезінген. Жедел-жәрдем келген соң 29 бала, 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып кеткен болатын.

Аураханадағы тексерістен соң 29 оқушы, 8 мұғалімнің жағдайы бірқалыпты екені анықталды. Алайда қалған 2 ұстаз қазір ауруханада ем алуда. Мектеп оқушылары алдағы 3 күнде қашықтықтан білім алады.

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі жеке бақылауында екенін айтты.

Қазір Сарыағаш аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шаралар қабылданбақ.