Bugin
Фото: freepik/ru.freepik.com
Павлодар облысының прокуратурасы ақ халаттылардың мерзімі өтіп кеткен вакцинаны балаларға еккен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тексеріс нәтижесінде 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілерін анықталған.
Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасынан жарамдылығы өтіп кеткен дәрі-дәрмектер медициналық мекемелерге жіберілген.
"Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған. Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды", – деп жазылған ведомствада.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша арнайы шаралар қабылданып, жарамсыз препараттар жойылыпты. Мұндай салғырттыққа жол берген кінәлілер жауапқа тартылды.