Bugin
Фото: akorda.kz
Қазақстан Үкіметті орнынан түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойып, кеше премьер-министр Әлихан Смайыловты орнынан алды. Әзірге елдің Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктеген болатын. .
Екі жыл бойы Премьер-министр лауазымын атқарған Әлихан Смайылов Тоқаев пен қазақстандықтарға алғысын айтты.
"Ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін зор алғысымды білдіремін. Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Мемлекет басшысы жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған аса маңызды саяси және экономикалық реформаларға бастамашылық жасады. Үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет етті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді", - деді премьер.
Ол екі жыл ішінде орын алған қызметтерді баяндап, халыққа да алғысын білдірді.
"Үкіметтегі барлық әріптестеріме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтамын", - деді Әлихан Смайылов.