Bugin

Семейде сауда орталығы өртке оранды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: paryz.kz

Семейдегі сауда орталығының бірінде алапат өрт шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ақшын» сауда орталығында таңға жақын өрт басталған. 

"Семейдегі ең үлкен киім базарындағы өрт шамамен сағат 03:00-де болды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жалынды сөндірді", - делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Өрттің шығу себебі мен оның аумағы әзірге нақтыланбаған.