Bugin
Фото: видеодан кадр
Таңертең Қарағандыда 12 жастағы оқушы көлік қағып, қайтыс болды. Ол жаяу жүргіншілер жолынан өтіп, мектепке бара жатқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Патриот" телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бейресми деректерге бойынша, көлік жүргізушісі жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, қағып кетті.
Оқиғаға байланысты қазір қалада бірнеше жол жабылған. Көлік кептелісі бар.
"Көлік жүргізушісі 50-ге таяп қалған ересек адам. Жеке компанияда жұмыс істейді. Жаяу жүргіншілер өткелінде баланы байқамағанын айтады", деп жазды "Патриот" телеграм арнасы.
Видеоны толық осы сілтеме арқылы көре аласыздар.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстанның жаңа премьер-министрі қашан тағайындалатыны белгілі болды