Bugin

"6 көлік соғысқан": Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Өскемен қаласындағы орталық көшелердің бірінде алты көлік соқтығысып, 5 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған. 

"Ssanq Yong автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен Әуезов даңғылына шығып келе жатқанда Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Сол соққыдан кейін жол-көлік оқиғасына екі ГАЗ, Lexus және Lada Granta көліктері де тап болды. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 адамға, оның ішінде бір балаға медициналық көмек көсетілген. Ауыр жарақат алған ешкім жоқ.