Bugin

"44 жаста": Премьер-министрге үміткер белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды", делінген ресми мәліметте.

Олжас Бектенов былтыр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.

Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Жасы небәрі 44-те.