Bugin
Фото: El.kz
Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың өліміне қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жас жігіттің мәйіті Талдықорған қаласындағы Назарбаев көшесінен табылған. Асылжан Абдуллаев жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен. Қысқы демалысқа үйіне келген оны әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жіберген. Бірақ ол Талдықорғанда суицид жасағаны белгілі болды.
"Әкесі де, мен де ерекше жақсы көрдім. Мінезі өте жақсы. Сыныбында да, ортасында да сыйлы, бәрімен жақсы араласты. Бәрі "Аса" деп еркелетіп, достарының алдында беделі болды. Үйден шыққанда көңіл-күйі жақсы болған", – деді марқұмның анасы Анаргүл Мыңжасарова.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Полиция курсанттың неге өз өзіне қол жұмсағанын анықтауға кірісті.
"Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.