Bugin
Фото: depositphotos
Бухгалтердің құмар ойынға тәуелді екені мектепке жұмысқа қабылданғаны кейін белгілі болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Диапазонға сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ақтөбедегі №55 мектебінің бас бухгалтері ұсталған. Ол 2015-2023 жылдар аралығында қылмыс жасап, жалпы соммасы 413 миллион теңгені жымқырған. Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған. Қылмысы ашылып, қаржыгер ұсталды.
Мемлекет ақшасын ұрлаған бухгалтер байымай, букмекерлерге ставка жасап, бәрінен айырылған. Сот оның жылдар бойы құмар ойынға тәуелді болғанын анықтады. Адвокаты жұмысқа орналасқанға дейін сотталушы құмар ойындардан зардап шегіп, несиеге батқанын айтқан.
Адвокаты сотталушының антикормен ынтымақтасқанын және соның арқасында басқа адамдарға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтауға қол жеткізілгенін ескеру қажет екенін атап өтті.
Сот жарыссөзінде адвокат сотталушы психиатриялық аурумен (лудомания) ауырады деп мәлімдеді.
Бухгалтер ұрлық жасағанын мойындады, бірақ айыптау бабын қайта қарауды сұрап отыр. Сот әлі аяқталмады.