Спорт

Қазақ ойыншысы «Лионда» ойнауы мүмкін

Қазіргі уақытта «Лион» клубында таныстырылым өтіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Кашкен француздық "Лион" клубында ойнауы мүмкін.

8 сәуір күні Дінмұхамед "Лион" клубының жастар құрамасына таныстырылымға келді. Желтоқсаннан бастап Испания жастарының жоғарғы лигасындағы "Касабланка" клубының сапында ойнап жүр. Сондай-ақ, мадридтік "Атлетико" академиясында бірнеше жыл жаттыққан болатын.

19 жастағы Дінмұхамед, Қазақстан U-17 және және U-19 жастар құрамаларының капитаны болған. Наурыз айынан бастап Қазақстан жастар құрамасында ойнайды.