Bugin
Фото: Видеодан скриншот
"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында тосын жағдай болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Астана перзентханаларының бірінде шала туылған нәрестені анасына шетінеп кетті деп алдаған. Алайда бала дүниеге аман-есен келген екен.
25жыл өлді деп санаған қызы Америкадан өз аяғымен Қазақстанға келді. Олар жылап қауышты. Туған анасы Айым деп атағысы келген қыз әуелде балалар үйінде болған. Кейіннен америкалық әйел келіп, асырап алған. Осылайша қазақтың қаракөз қызы шетел асып кете барған.
Әйел баласын ерте босанып, жансақтау бөлімінде жатқан. Бала мен ана екі ауруханаға бөлінген.
Астанадағы жедел-жәрдем ауруханасына әйелдің ерте баруына оотбасылық жанжал себеп болған. Қыздың анасы:
"Бірде айырылысып, бірде қосылып жүрдік. Өзінің отбасы бола тұра, сәбиімнің әкесі мені босатқысы келмеді. Сол кезде Сейчке жүкті болдым. Ол алты айлық жүктілігім барын біле тұра, оңдырмай сабап кетті. Үш күн денемді ала алмай жаттым. Көршім есік ашып, ауруханаға баруыма себепші болды. Маған сіздің қызыңыз шетінеп кетті деп айтқан. Бір орыс медбике "өзіңнің тірі қалғаныңа қуан" деп айтқан. Кейін Америкадан хабарласқанда ғана білдім. Бала шетінегені туралы құжат бермеді. Мен баламның тірі екенін білсем, амалын тауып шешуші едім. Мен ондайға рұқсат бермес едім. Ауру болсын, сау болсын, тастап кетпейтін едім",-деп әйел мұңын айтты.