Bugin

"18 жастағы қыздың жатыры мен аналық безі жоқ": маман таңқаларлық жағдайды айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қазақстандағы алғашқы репродуктологтың бірі Перизат Байқошқарова Bugin.kz тілшісіне сұхбат берді. Ол қазір әйелде арасындағы кездесетін бедеуліктің себептерін атады.

Маман  өзіне келген пациенттердің 70-80 пайызы созылмалы қабыну процесінде болатынын айтты. Табаннан сыз өту, дұрыс күтінбеу, түрлі жұқпалы аурулармен ауру салдарынан жабысқақ болып (спайка матки), жатыр түтікшелері дұрыс өтпейді. Оған пациенттер көбіне түтікшелері кеңейген, іріңді су жиналған деген секілді мәселемен келетінін айтты.

Бедеуліктің себептері туралы:

"Қазіргі кезде тек қана әйелдерде емес, кінәрат ер адамдарда да бар. Ер адамның да ұрығының сапасы, саны, ұрығының морфологиясы  дұрыс емес. Соған байланысты ер адамның бедеулігі себеп болады. Тек әйел ғана кінәлі деген негізсіз. Елу пайыз ер адамда, елу пайыз әйел адамда мәселе болады. Бедеулікке шағым айтатын әйелдердің 40-50 пайызы алғашқы жүктілігінде түсік жасатқан. Содан кейін жатыр түтікшесі жабысып қалады.

Туа біткен ақаулар да болады. Ондай жағдай сирек болса да кездеседі. Маған 18 жастағы қыз шағым айтып келді. Қарасам, жатыры мен аналық безі жоқ. Кейбір қыздарда хромосомалық ақаулар бар",-деді дәрігер.