Bugin

"43 жаста": премьер-министр қызметіне тағайындалған Олжас Бектенов шын мәнінде кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Олжас Бекенов, Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының премьер-министр қызметіне Олжас Бектенов тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Мәжіліс ҚР премьер-министрі қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын мақұлдады. "Ақ жол", "Ауыл" және Respublica партиялары да қолдады. "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.

Бектенов Олжас Абайұлы 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласының Әділет департаментінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары – Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2006-2009 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары;

2012-2014 жылдары – Қазақстан  Республикасы Экономикалық қылмысқа қарсы (қаржы полициясы) Қазақстан Республикасы Орталық аппаратында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хатшылығының меңгерушісі;

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың сәуірінен бастап Президент Әкімшілігінің Басшысы болды.