Bugin
Фото: akorda.kz
Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған еді.
Жаңа министр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Сонымен қатар Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тәтмәмдаған. Азаматтық авиация академиясында "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығын оқыған.
2006-2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызметтерді атқарған