Bugin

Бір топ әйел 7-сынып оқушысын тұрмысқа бермекші болған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде әйелдердің 7-сынып оқушысына алтын тағып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Оқиға Өзбекстанның Қашқадария облысының Көкдала ауданында болған. 7-сынып оқушысын бір топ әйел құттықтап, оған алтын таққан. Видеодан қыздың ештеңе түсінбей тұрғанын көруге болады. Видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін, полиция мектеп оқушысының үйін іздеп тапқан. Қыздың ата-анасын тергеген. Олар қыздың туған күні екенін айтып, ақталған.

"Ол күні туған күні еді. Солай алтын тақты. Қызымызды әлі оқытамыз. Ерте тұрмысқа бермейміз",- деген ата-анасы.

Бірақ желі қолданушылары ата-анасының айтқанын жоққа шығарды.