Bugin
Фото: dzen.ru
Сейсмикалық станциялар Ауғанстан аумағында тағы да жердің сілкінгені туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
6 ақпан күні Астана уақытымен сағат 21:22-де тіркелген жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 4,9 баллды құрайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 890 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7 Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,9, - делінген хабарламада.
Жер асты дүмпулері қазақстандықтарға сезілген жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда зардап шеккен адамдар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.