Bugin

"Мен құрбан болып, аяғымнан айырылдым". Қызды алып қашқан жігіт ажал құшқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Жаңа Қадам" бағдарламасынан

Қыз алып қашудың құрбандары болғандар көп. Бірі солай өз бақытын тапса, ендігі бірі мүгедек болғанын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шымкенттік бойжеткен дәстүрдің құрбаны болғанын айтады. Алтынай Құрманова есімді кейіпкер "Жаңа Қадам" бағдарламасында өзін бейтаныс жігіттің алып қашқанын айтып, оқиғаның соңы немен аяқталғанын жасырмады. 

Өзін алып қашқандардың арқасында бүгінде ол бір аяғынан айырылған.

Қыз алып қашуға қарсы адамдардың бірімін. Өйткені ол дәстүрдің құрбаны мен боламын. 2014 жылы болған оқиға. Шымкенттегі мектептің бірінде мұғалім болып істегенмін. Сол уақытта құрбым отырысқа шақырады. Сол жерде бір жігіт сыртымнан ұнатыпты. Құрбым екеумізді үйге апарып тастайтын болды. Біздің ауылымызға бір ауыл жетпей, "Сені алып қашып бара жатырмыз" деді маған. Мен шошып кеттім. Құрбым ештеңе білмедім деп айтты. Мен ол баланың атын да білмеймін. Шымкентте сол уақытта табалдырықты аттасақ сол үйде қалуға тура келеді. Машинадан шығып тұрсам бір топ жігіт тұр екен. Мен қаштым ол сәтт. Маған үйленгісі келген жігіт мені қуалады. Бірақ жолда машина мені және әлгі жігітті қағып кетті. Менің күре тамырым жарылып кетті. Салдарынан бір аяғым протез болып қалды. Ал маған үйленгісі келген жігіт сол жерде тіл тартпай қайтыс болды", - дейді кейіпкер Алтынай Құрманова.