Bugin

Қайырымдылық асқа барған Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Нұрлан имамның жеке парақшасынан

Желі арқылы танылып, жастардың сұрақтарына әзілі мен шыны аралас ақылын айтып жүрген Нұрлан имам Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

АҚШ-та жүрген имамның мұндай әрекеті желіде тарады.

"Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан соң Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардың қасиеттері, түзу жолы және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті. Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!!! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді", - деп жазылған хабарламада.