ДАМУ
Фото: Bugin.kz / Айгерім ӘДІЛХАНОВА
Әр адам тағдыр тармағында маңызды шешімдерді өзі таңдап, шешім қабылдай алуға тиіс. Дегенмен кейбір адамдар отбасынан абьюзер, манипулятор адамды көріп, норма деп қабылдауы ықтимал. Оларды барлық жерден кездестіруіңіз мүмкін. Тіпті, фильмдерден көріп жүрген романтикаға толы кейіпкеріңіз де сондай болып шықса, таңғалмаңыз. “Кредит алдырып тайып тұрды, аямай сабайды, тек өз дегенін жасатқысы келеді” деген секілді шағымдардың бәрі солардың тарапына айтылады. Сау қатынас құрғысы келетін кез келген адам көруі керек фильмдер тізбегін Bugin.kz тілшісі назарларыңызға ұсынады.
Фильмге көшпес бұрын абьюзер мен манипулятордың кім екенін нақтылап алайық.
Абьюзер – ағылшын тіліндегі abuse ұғымынан шыққан, қатыгез қарым-қатынас деген мағынаны білдіреді. Ол – басқаларға зиян келтіру үшін билікті немесе ықпалды асыра пайдаланатын адам. Адам тәніне немесе жанына жара салуы мүмкін. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, әлемде әр үшінші әйел абьюзер еркектен зәбір көреді екен.
Манипулятор – жасырын тактиканы қолдана отырып, өз мүддесі үшін басқалардың мінез-құлқы мен санасын өзгертуге ұмтылатын адам.
Жеткілікті (Enough)
Бұл фильм 2002 жылы жарыққа шыққан. Жанры – триллер, драма, кримминал. АҚШ-та таспаланған. Режиссері – Майкл Аптед.
Фильм сүйкімді және қамқор болып көрінетін Чарлиге тұрмысқа шығатын Слэйн Коулман есімді кейіпкер туралы. Алайда олардың қызы өмірге келген соң, Чарли агрессивті және қатыгез болып, әйелі мен баласын қорқытады. Слейн Чарлиді тастап кетуге шешім қабылдайды. Бірақ Чарли ізінен аңдып, әрекеттері одан сайын қауіпті бола түседі.
Слейн күйеуінен қаша ала алмайтынын түсінеді. Қызы екеуін күйеуінен аман алып қалуға шешім қабылдайды. Өзін-өзі қорғау және физикалық дағдыларды үйрену мақсатында жаттығу залына барады...
Фильмнің екінші жартысында Слейн өз мақсатына жете ала ма?
Үлкен жанар (Big Eyes)
Бұл фильм 2014 жылы жарыққа шыққан. Жанры – драма, мелодрама, қылмыс, өмірбаян.
АҚШ және Канада таспагерлерінің бірігіп жасаған туындысы. Режиссері – Тим Бертон.
1950 жылдардың аяғында, Маргарет қызымен Сан-Францискоға көшіп, Уолтер Кинтонмен кездеседі. Уолтер өзін суретшімін деп таныстырады. Ол картиналары арқылы жетістіктерге жетеді. Шын мәнінде Уолтер картиналарды Маргаретке салдыратын еді. Ал өзі қылқаламның құпиясын да білмейтін, өнерден алыс еді. Уолтердің ұсынысына Маргарет өнердегі әйелдерге дұрыс көзқарас болмағандықтан келіседі.
Маргарет Уолтердің өтірігін қолдау туралы шешіміне күмән келтіре бастайды. Фильм басты кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастағы қиянат, манипуляция және тәуелділіктің психологиялық аспектілерін зерттейді. Сондай-ақ өнер мен тұлғаның өзін жарыққа шығару мәселелерін көтереді. Қоғамның әйелдерге ықпалына, олардың өнерде және басқа да салаларда танылу қабілетіне талдау жасайды.
Маргарет Уолтер иеленген суреттерінің авторлық құқығын қайтара ала ма?
Қауіпсіз баспана (Safe Haven)
Жанры – триллер, драма, мелодрама. Фильм АҚШ-та таспаланған. Режиссер Лассе Халлстремнің 2013 жылы жарыққа шыққан шытырманға толы фильмі.
Фильм Кэти есімді кейіпкердің қатыгез күйеуінен қашып, басынан өткерген оқиғасын баяндайды. Келіншек Солтүстік Каролина шағын жағалауындағы қалада жасырынады. Ол атын өзгертіп, өткенді ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысады. Әйелі қатерлі ісіктен қаза тапқан жергілікті дүкен иесі Алекспен танысқан соң, оның тағдырында өзгерістер пайда бола бастайды.
Алекс пен Кэти бір-біріне ғашық болады. Алайда Кэтидің өткен өмірі ізінен қуып жетеді...
Кэти қатігез күйеуінен мәңгілікке құтыла ала ма, әлде құрбан бола ма?
Қорқыныш (Fear)
Фильм 1996 жылы жарыққа шыққан. Жанры – триллер, драма. АҚШ –та режиссер Джеймс Фоли таспалаған.
Николь Уокер – шағын қалада тұратын 16 жастағы қыз. Ол өзіне бірден ғашық болған сүйкімді жас Дэвид Макколлмен кездеседі.
Алайда Дэвид Никольді аңди бастайды. Бойжеткен көп ұзамай жігітінің нағыз зорлықшы екенін түсінеді.
Николь Дэвидті тастап кетуге тырысады, бірақ сүйіктісі оны жібергісі келмейді. Дэвид қызы мен отбасын қорқытып, тіпті Никольді өлтірмек болады.
Фильм зорлық-зомбылықтың табиғатын ашып, мәселе ретінде көтереді. Бұл әйелдерге қатыгез қарым-қатынастан құтылудың қаншалықты қиын екенін көрсетеді. Зорлық-зомбылық жасаушылар көбінесе өз құрбандарын отбасы мен достарынан оқшаулайды. Сондай-ақ олар құрбанын тек өзімен бірге болуға мәжбүрлеуі мүмкін.
Николь мұндай қысымнан аман-есен құтыла ала ма?
Аспан деңгейінен 3 метр биікте (Three Steps Above Heaven)