Bugin

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: onlyblacktv.bk.ru

Ақмола облысында 24 жастағы қыз өзіне қол салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған. Қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен.

"Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды", - деп жауап берген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.