Bugin

Заманбек пен Алтынбекті кім өлтірген?: Назарбаевтың кеңесшісі тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Серік Әбдірахманов – 1991-1992 жылдардағы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған. Ол Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, қызық жайттың бетін ашты. Бұл туралы бағдарламаға сілтеме жасап, Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Ол Заманбек Нұрқаділовпен қатынасы туралы:

"1993 жылы нағыз демократиялық жолмен сайланған жоғары кеңесті Замекең таратты. Оны өзі де мойындап, хат жазып, халықтан кешірім сұрады. Шындық жолына шықты. Қарсы шықты. Ашық айтты. Былайша айтқанда ұры жүйемен, Назарбаевқа қарсы шықты. Оны бағалауымыз керек. Көше деген не, ескерткіш деген не?

1937 жылы халқын сатқан, зиялыларды ұстап берген адамдардың атында да көше бар, ескерткіш тұр. 1993 жылы арамыз кішкене бұзылды. Менде оның өліміне кінәлі адамға болжам бар. Ол ресми түрде аталу керек",-деді спикер.

Ол Алтынбек Сәрсенбаевпен арасындағы қайшылықты қатынас туралы: 

"Алтынбек Сәрсенбаев та Назарбаевқа қарсы шықты. Ол қатесін түсінді. Оны да бағалауымыз керек. Ол жанын фидә етті. Өткен фактілердің бәрін тура айтуымыз керек. Мен енді нақты білемін ғой. Соттасқан кезіміз де болды. Үш жарым жыл тергеуде жүрдім. Айыбым жоқ. Қылмыстық ештеме таппаған соң, мені "тыңшы" деп жарияламақ болды. Бір журналист қыз көмектесіп, жалалардан аман шықтым.

Алтынбектің өліміне Назарбаев пен оның айналасының қатысы бар шығар",-деді ол.