Bugin

"Шаш ал десе, бас алып": Президент қатаң сөгіс жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azh.kz

Президент Тоқаев Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекет басшысы негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керегін айтты. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн екенін ескертті.

"Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек.

Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, "шаш ал десе, бас алып", асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын", - деді Тоқаев.

Президент біздің басты міндетіміз кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру екенін атап айтты.

"Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді",-деді Мемлекет басшысы.